BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Том Сойердің бастан кешкендері" кітабынан саяси сипаты мәдениетсіздеу сөздер алып тасталынбақ

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Американдық баспалардың бірі Марк Твеннің "Том Сойердің бастан кешкендері" және "Гекльберри Финнің бастан кешкендері" атты кітаптарын қайта өңдеп жарыққа шығармақ.

Кітаптардың жаңа нұсқасынан оқырмандар үшін мәдениетсіздеу көрінетін сөздер алынып тасталмақ, - дейді Associated Press. Бұл жерде мәселе нәсілдік сипаттағы (racial slur) ар- намысқа нұқсан келтіретін сөздер жайлы болып отыр. Жаңа нұсқада ақ адамдарға қызмет еткен қара нәсілділерді «негр» деп бөлмей, «құл» деп атау көзделуде. М.Твеннің шығармашылығын зерттеуші Алан Гриббен "Гекльберри Финнің бастан кешкендерінде" саяси жағынан өрескел сөздердің 219 рет, "Том Сойерде" - 4 рет кездесетіндігін санап шыққан. http://www.inform.kz/kaz/article/2337661

Тiкелей эфир:

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер