BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Tesla Еуропада үлкен зауыт тұрғызбақ

Электромобиль өнімін шығаратын америкалық Tesla компаниясы Еуропада зауыт құрылысын жасау бойынша келіссөздер жүргізуде. Бұл жайынада The Wall Street Journal басылымы мәлім етті деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net порталына сілтеме жасап.

Басылымның дерегінше, Германия және Нидерландыдағы федеральды екі жердің билігі компания өкілдерімен келіссөздер жүргізуде. Бұл жиынға қатысқан өкілдің айтуынша, электромобиль мен олардың аккумуляторын бір ғимаратта өндіру қаралуда.

Айта кету керек, Tesla компаниясы 2003 жылы негізі қаланғаннан бері қарқынды дамып келеді. Дегенмен шығындарға төзіп келе жатқан компанияда басқарушы кадрлардың азайып жатыр. Оның үстіне электромобилдің қатысуымен болатын апаттар да мәселе болып отыр.

Компания басшысы Илон Масктың айтуынша, 15 жыл бойы компания ешбір табысқа қол жеткізбеген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер