BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тәжікстанда бала тууды шектеуді ұсынды

Дүниежүзілік Банк сарапшылары Тәжікстандағы кедейшілікті төмендету мақсатында елдегі тууды шектеуге ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Дүниежүзідік банктің тұжырымына сәйкес елдегі кедейшілік, жұмыссыздық, еңбек миграциясының жоғары деңгейінің барлығы демографиялық дүмпүдің нәтижесі.

Осы мәселені шешу мақсатында Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігі әйелдерге бала тууды мұқият жоспарлауды ұсынып отыр, деп мәлімдеді Озоди радиосы.

«Бала туу аралығын 3 жылға дейін созуымыз керек. Өйткені әйел ағзасы келесі баланы өмірге әкелгенге дейін демалу керек. Алайда елдегі әйелдердің 6-7% жыл сайын бала табады», - дейді Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ана мен балаға медициналық қызмет көрсету департаментінің басшысы Шерали Рахматуллоева.

Сарапшылардың пайымдауынша, Тәжікстандағы туу деңгейінің жоғарылығы елдегі халықтың 70% 35 жасқа дейінгілер құрауында. Оның үстіне ауылды жерлерде дәрігерлер жетіспейді әрі отбасылықты жоспарлау нашар жүргізілуде. Денсаулық сақтау министрлігіндегілер ауылды жердегі әйелдерге контрацепцияны жиі пайдалануға кеңес беруде.

Айта кетсек, 2018 жылы Тәжікстан халқы 9 млн-нан асқан, бұдан бірнеше жыл бұрын мемлекет басшысы елдегі ресурс тек 10 млн адамға ғана жететіндігін ашық айтқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер