BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тәжікстанда 15 ақпаннан бастап ескі көліктерді импорттауға тыйым салады

Тәжікстанда 15 ақпаннан бастап 2005 жылға дейін шыққан көліктерді елге әкелуге тыйым салады. Бұл жөнінде үкімет қаулысында айтылған, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org басылымына сілтеме жасап.

Тәжікстанға негізінен жеңіл көліктер Еуропа және Балтық елдерінен импортталады. Тасымалданатын транспорттың дені 90 жылдары және 2000 жылдың басында шыққан. Олардың 80 пайызы - Германияда жасалатын Opel маркалы көліктер.

2016 жылдың соңында Тәжікстанда жарты миллионнан астам көлік тіркелген. Олардың 50-60 пайызы - ескі. Тәжікстандағы қоршаған ортаны қорғау комитетінің қызметкері Саидусмон Судуровтың айтуынша, ескі көліктер ауаны ластап, қоршаған ортаға орасан зиян келтіріп жатыр. Сонымен бірге жол апаты да көбейген.

Бұл елде 2017 жылдан бастап жаңа көліктерге баж салығы 50 пайыз қысқарған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер