Тәжікстан балалардың мешітке баруына тыйым салмақ - Әлем|29 Маусым 2011, 09:29
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тәжікстан балалардың мешітке баруына тыйым салмақ

Тәжікстан ислам ғалымдары кеңесінің басшысы Саидмукаррам Абдулқодирзоданың мәлімдеуінше, елде балаларға арнайы ислам білімі бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бұл шара балалардың мешітке кіруіне тыйым салатын заң жобасына қатысты сыни пікірлерді жою үшін қолға алынбақ деп хабарлайды Азаттық радиосының Тәжік қызметі.

Абдулқодирзода әлгі бағдарлама мақұлданса, елдегі негізгі мешіттерде 7 жастан асқан балаларға ислам сабақтары оқытылады деген үмітін айтады.

Былтыр желтоқсан айында президент Эмомали Рахмон ата-аналар жауапкершілігі туралы заң жобасын ұсынған болатын. Оған сәйкес, 18 жасқа дейінгі балалардың мешіттегі жұма намазына қатысуына тыйым салынбақ. Кәмелетке толмаған балалар жұма намазына қатысса, олардың әке-шешесі жауапкершілікке тартылады.

Бұл даулы заң жобасына қатысты көптеген сын айтылып жатыр.

Cуретте: Тәжікстан ислам ғалымдары кеңесінің басшысы Саидмукаррам Абдулқодирзода.

http://www.azattyq.org/content/news/24248881.html


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер