Тәжік президенті мемлекеттік тілді білмейтіндердің билікке келуіне тосқауыл болатын заңға қол қойды - Әлем|01 Маусым 2011, 08:16
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тәжік президенті мемлекеттік тілді білмейтіндердің билікке келуіне тосқауыл болатын заңға қол қойды

Тәжікстан президенті қол қойған жаңа заң бойынша ендігі жерде елде билік баспалдағымен өскісі келген әрбір қызметкер міндетті түрде мемлекеттік тілді білуі тиіс. Онсыз жұмсақ кресло, жайлы кабинет түсіңізге де кірмейді.

Сарапшылардың сөзіне қарағанда, тәжік тілін білу - кәсіби мамандарды іріктеудің бір амалы. Мемлекеттік қызметтен үміткер өзі туралы анкета толтырып қана қоймай, мемлекеттік тілден қаншалықты хабары барын дәлелдеу үшін емтихан тапсырады.
Иә, тәжік тіліне мемлекеттік мәртебе берілгеніне біраз жыл болды. Алайда министрліктер мен мекеме басшыларының туған тілдерін жетік білмеуінен қатынас қағаздары, хаттамалар, баяндамалар, басқа да құжаттар орыс тілінде жазылып келген. Ана тілінің абыройсыздығына көзі жеткен мемлекет басшысы жаңа заң арқылы айды аспанға бір-ақ шығарды.
Парламент депутаты Абдумузаффар Имомовтың сөзіне қарағанда, Тәуелсіздіктің 20 жылында мемлекеттік қызметкерлер туған тілдеріне назар аудармаған. Есесіне ана тіліне жетік кәсіби мамандар лауазымды қызметтен үнемі сырт қалып келген. Отанына оралған тәжік азаматтары да орыс тілін білмегендіктен мекемелердің есігін жағалап қалған. Тілін түзеген тәжіктер енді кемшілікке жол бермеу үшін жаңа заң қабылдады.

Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=8133&Itemid=2


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер