Таяу Шығыстан Кавказ халқының көне қалалары табылды - Әлем|03 Наурыз 2011, 18:08
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Таяу Шығыстан Кавказ халқының көне қалалары табылды

Кавказ халқының ата-бабасы Таяу Шығысты мекендеген. Сирияның солтүстігіндегі Телль-Хазн тарихи қорғаны аумағында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан ресейлік археологтер осындай қорытындыға келді.
Ресейдегі археологиялық зерт­теулердің жаңа материалдарына ар­налған ғылыми конференция кезінде Месопотамияның ежелгі тұрғын­дарының Солтүстік Кавказға көшкені туралы жорамалдың расталғаны хабарланды. Ресей Ғылым акаде­миясының Археология институтының қызметкері Рауф Мунчаевтың ай­туынша, жуырда Сириядан Кавказ өркениетіне қатысты қалалар та­былды. 5,5 мың шаршы метр ау­мақтан табылған қамба, шіркеу мұнарасы тәрізді 550-ге жуық нысан біздің дәуірімізге дейінгі 4-3 мың­жылдықтарға жатады. Қолға тиген олжалар бұрын Солтүстік Кавказдан табылған Майкоп мәдениетіне сәйкес келеді. Мұндай тарихи қалашықтар кезінде Әзірбайжан мен Дағыстан аумағынан да табылған еді. «Месо­потамияны мекендеген халықтардың Кавказға көшкені туралы жорамал дәлелденіп отыр. Біздің анық­тауы­мызша, бұл халықтар Қара теңіз арқылы емес,  жаяу көшкен», –  дейді Р.Мунчаев. http://www.alashainasy.kz/world/19649/

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер