BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ташкентте 10 жасар бала досын құтқарамын деп өзі суға батып кетті

24 қаңтарда Ташкентте 10 жасар Абдулла Рузибоев жерленді. Ол сыныптасын құтқарамын деп өзі суға батып кетті. Қайғылы оқиға 21 қаңтарда Алмазар ауданындағы Қара қамыс 2/5 тұрғын-үй алқабының аумағынан өтетін су арнасында болды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org басылымына сілтеме жасап.

Абдулланың денесі батып кеткен жерден 1 километр қашықтықта табылды.

Куәгерлердің айтуынша, 10 жасар Абдулла Рузибаев пен оның сыныптасы Шохжахон Рузибоев мектептен келе жатқанда досы су арнасына түсіп кетеді. Абдулла Шохжахонды құтқару үшін мұз суға түсіп, досын аман алып қалады. Бірақ өзі батып кетеді.

«Ол жердің ағыны қатты. Абдулланың денесі екі күн өткен соң ол батып кеткен жерден 1 шақырым қашықтықта дамбаның қасынан табылды», - деді Абдуллоның көршісі.

21 қаңтарда Өзбекстанда әлеуметтік желілерде Төтенше жағдай министрлігі қызметкерлерінің 10 жасар баланы іздеп жатқан видеосы шықты.

​Досын құтқарамын деп қаза тапқан Абдулла Рузибоев - Ташкенттің Алмазар ауданындағы №134 орта мектептің оқушысы. Мұғалімі баланың үздік оқығанын айтты.

Алмазар ауданындағы Қара қамыс 2/5 тұрғын-үй алқабы тұрғындарының мәлімдеуінше, көпқабатты үйлердің қасынан ағып жатқан арнаның қауіпсіздік шаралары сақталмаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер