Тарихтағы ең ірі суасты апаты тіркелді - Әлем|16 Қаңтар 2018, 16:14
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тарихтағы ең ірі суасты апаты тіркелді

Австралиядағы Тасмания университетінің вулкан зерттеуші ғалымдары Гавр (Havre Seamount) суасты жанартауының атқылауын сипаттап берді. Мұндай атқылау соңғы 100 жылдағы ең ірі апат болып тіркелді. Ғалымдардың материалы Science Advances журналында жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Зерттеу туралы Science Alert басылымы жариялаған пресс-релизде айтылады.

Басында ғалымдар атқылаудың ірілігін байқамады. Кейін Жаңа Зеландияның жағалауында аумағы 26 мың шаршы шақырым болатын пемзадан құралған аралдың (вулкан тектес) жүзіп жүргенін көреді. Бұл түзіндінің қалыңдығы – 3,5 метр. Атқылау аяқталғаннан кейін үш ай өткен соң арал бөлек-бөлек болып бөлініп, кейбірі теңіз түбіне батып кетеді. Ал қалғаны Тонга, Жаңа Зеландия және Австралия аралдарының жағалауына жүзіп келеді.

Ғалымдар жанартаудың атқылаған жеріне суасты аппаратты жіберіп, оның жолы мен белсенділігін зерттеді. Құрылғы 1220 метр тереңдікке түскенде 4,5 километрлік шұңқырларды тапты. Олар вулканның үстіңгі бөлігі ішіне қарай опырылғанда пайда болған. Шұңқырдың түбінде лава, пепел және пемзалар шыққан 14 саңылау бар болып шықты.

Жанартаулардың атқылауын зерттеп келе жатқан ғалымдардың айтуынша, Гавр атқылауы тарихтағы суасты вулкандарының ішіндегі ең ірісі болды. Мұнымен қоса, зерттеушілердің бағалауынша, ол 1980 жылы Сент-Хеленсте атқылаған жер үсті жанартауынан 1,5 есе күштірек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер