Тағы да тайфун төніп келеді - Әлем|19 Шілде 2011, 09:22
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тағы да тайфун төніп келеді

Окинава префектурасындағы Минами Дайто аралынан Жапонияның негізгі аралдарына қарай күшті тропикалық тайфун төніп келеді.

Табиғи апат соққысы сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні 20 шіл­деде Жапонияның орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс бө­лік­теріне келіп жетеді деп күтілуде. Ұлттық метеорология агент­ті­гінің мәліметтері бойынша, Ма-он тайфуны сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жылжып келеді. Циклонның ортасында  жел  сағатына 126 шақырымға жетсе, шет жақтарында жылдамдық сағатына 90 шақырым болып отырған көрінеді. Кюсю, Сикоку және Амами аралдары жағалауында көтерілген толқынның биіктігі 9-12 метрге дейін жеткен. Бірқатар префектуралардағы билік өздеріне қарасты аумақтарды жаңа табиғат апатын қарсы алуға дайындауда. Мұндай сақтық шараларынан 11 наурыздағы табиғат апатына ұрынған «Фукусима-1» стансасы да бейтарап қалған жоқ.  Мамандар АЭС нысандарын алдағы нөсер жаңбырға дайындауда.

http://www.egemen.kz/309317.html


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер