BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сұлулық байқауына қатысушы Тайландқа барар жолда жоғалып кетті

Алматы, BAQ.KZ. Байқау өтетін жерге өзге арулар ұшақпен ұшып барған. Ал Сьерра-Леонндық Эстер Бангура кемемен жүзіп баруды ұйғарып, Тайландқа барар жолда жоғалып кеткен, деп жазды Лайф порталы El Nacional сілтеме жасап.

Хабарланғандай, әлемнің әр түкпірінен келген барлық қатысушы байқауға дайындалу үстінде болған. Тайландқа кемемен жүзіп баруды шешкен Бангурадан еш хабар жоқ. Өзге қыздардың барлығы ұшақпен жетіп алған. Оның үстіне, елге ол 5 желтоқсан күні келуі керек болған.

Байқаудың ресми парақшасындағы қатысушылар тізімінде Бангура көрінбеген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер