Стросс-Кан енді қызметкерлерді ер адамнан жалдайды - Әлем|01 Маусым 2011, 09:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Стросс-Кан енді қызметкерлерді ер адамнан жалдайды

НЬЮ-ЙОРК.Маусымның 1-і. BNews.kz– Бұрынғы ХВҚ басшысы Доминик Стросс-Кан сот үкімін күтіп, үйқамақта  тұрып жатқан  Нью-Йорктегі пәтерін тазалап жинауға тек ер адамдарды жалдайтын болды. Осындай жолмен, деп жазады бүгін американың баспасөзі Стросс-Кан әйел айналдырды деген жаңа айыптаулардан сақтануды көздейтін сияқты,  деп хабарлайды  ИТАР-ТАСС.

Өткен аптада Халықаралық валюта қоры  экс-басшысының  отбасы жалға алып отырған аумағы  630 шаршы метр  баспанасын жинап, тазалауға екі ер адамды шақырған. Баспасөздің айтуынша, олар айыпталушының қызы мен әйеліне дүкен аралап,  сауда жасауға  көмектескен.

АҚШ-та қонақ үй күтушісі әйелді зорлауға әрекет жасады деген  айып тағылып  отырған ХВҚ бұрынғы басшысы  қазіргі уақытта  Нью-Йорктің Трайбек ауданындағы  14 миллион доллар үш қабатты үлкен үйде тұрып жатыр. Үйдің ішінде  кинотеатр, тренажер залы, сауна, төрт ұйықтайтын бөлме бар. Осы үйде тұрғаны үшін  Стросс-Кан айына  50 мың доллар жамбаспұл төлейді.

http://www.bnews.kz/kk/news/post/51570/


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер