BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Стамбулда ДАИШ-пен байланысы бар деген күдікпен 40-қа жуық шетелдік ұсталды

Фото: AP Photo

Түркия құқыққорғау органдары Стамбулда ДАИШ лаңкестік тобымен байланысы бар және террактіге дайындалуда деген күдікпен 38 шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА новостиге сілтеме жасап.

«Түркия құқыққорғау органдары Стамбулда ДАИШ лаңкестік тобымен байланысы бар және террактіге дайындалуда деген күдікпен 38 шетелдікті қамады», - делінген жергілікті Anadolu агенттігігі таратқан хабарламада.

Құқыққорғау органдарының террорға қарсы құрылымы қаланың алты ауданындағы 12 мекенжайға бір уақытта рейд жүргізген.

Ұсталғандарға «террорлық шабуылға дайындалды» деген айып тағылуда.

Сонымен қатар, операция барысында құжаттар мен сандық құрылғылар тәркіленген


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер