BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сот әріптесін атып өлтірген ер адамды тұтқындаудан бас тартты

27 қаңтар күні сот жұма күні Ригада әріптесін атып өлтірген ер адамды тұтқындауға рұқсат бермеді. Бұл туралы Латвияның мемлекеттік полиция өкілі Симона Гравите журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Ер адамға бас бостандығынан айырудан өзге жаза тағайындалды», — дейді Гравите.

Риганың Мукусалас көшесінде болған оқыс оқиға туралы хабар полицияға жұма күні сағат 10:45 шамасында келіп түсті. Оқ атқан ер адам — 1980 жылы, ал қаза тапқан азамат — 1982 жылы дүниеге келген.

Екеуі де Мукалас көшесінде орналасқан кәсіпорында жұмыс істеген. Олардың арасында түсініспеушілік болғаны туралы ақпарат жоқ. Мұнымен қатар, ер адамдар күзетші болып жұмыс істемеген.

Полицияның айтуынша, ер адам әріптесін байқаусызда өлтіріп алды. 1980 жылғы азаматтың тапанша алып жүруге рұқсаты болған. Бұрын сотталмаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер