BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сорос әлеуметтік желілерді адамзатқа төнген қауіп деп атады

Инвестор Джордж Сорос Facebook пен Google-ді қазіргі қоғамға төніп тұрған қауіп екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Сорос Давостағы дүниежүзілік экономикалық форумда интернет-алпауыттарының адамдарды басқаруға және оларды өз өнімдеріне тәуелді етуі үшін заманауи демократияға қауіп төндіре отырып, қатал саясат жүргізуге құқықтары жоқ екенін айтты.

Сондай-ақ, Сорос екі компанияның адамдардың санасы мен ақыл-ойын басқарып отырғанын сынға алды. Ол мұның барлығын корпорациялар өз коммерциялық мүдделері үшін жасап отырғанына сенімді.

Мультимиллионер атап өткендей, интернет-алпауыттар казино сияқты өз клиенттерін құмарлыққа тәуелді етуде. Оның айтуынша, бұл өз кезегінде көптеген желі қолданушыларының таңдау еркіндігі мен ой-санасының саулығына да зор қауіп төндірмек.

«Монополиялық дистрибьютерлерге айналуы оларды қоғамдық құрал қатарына қосады. Олар инновацияның дамуы үшін әділ әрі ашық қоложетімділікті және бәсекелестікті сақтауға бағытталған қатаң талаптарға бағынуы тиіс», - деп есептейтінін жеткізді Сорос.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер