BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Смартфон жасап шығаруда Үндістан алға шықпақ

Фото: 24Gadget

Алматы, BAQ.KZ, Алдағы уақытта Үндістан смартфон өндірісі жағынан Қытайды басып озуы мүмкін. Бұл туралы 24kz сайты хабарлады.

Әлемдік ірі компаниялардың пікірінше, елдегі ішкі нарық – кең, жұмыс күші – арзан. Ал Қытайда бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Смартфон өндірісіндегі серпіліске Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди себепкер.

Ол «Үндістанда жасалған» бағдарламасы аясында ондаған миллион жұмыс орнын ашуға уәде еткен еді. Қазір елде смартфон жасап шығаратын 120 компания бар, бірақ жүздеген миллион үндістандықтың гаджеті жоқ. Бұл жайт өз кезегінде кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырып отыр.

«Нарықта тұрақтап қалу үшін тұтынушыларға сапалы өнім ұсына білуіміз қажет. Бағасы да арзан болуы шарт. Осыған қол жеткізілгенде ғана нарықтағы ахуал жақсарады», - дейді өндіріс бөлімінің басшысы Санджив Агарвал.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер