Сирияның Хомс қаласында наразы топ орталық алаңды басып алды - Әлем|19 Сәуір 2011, 11:57
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сирияның Хомс қаласында наразы топ орталық алаңды басып алды

АСТАНА.  19 сәуір.  ҚазАқпарат  - Үкіметке  қарсы    шерушілер    Сириядағы   ауқымы  жағынан үшінші  болып  табылатын  Хомс қаласының  орталық алаңын басып алды,  деп  хабарлайды ВВС телекомпаниясы.

Манифестшілер, төтенше жағдайдың күшін  тоқтату  және   саяси тұтқындарды  түрмеден босату  туралы  өздерінің   талаптары    орындалмайынша,    алаңнан кетпейтіндерін   мәлім етуде. 

Елдегі  бұқаралық   толқудың    қарулы  төңкеріске ұласып отырғанын мәлім еткен Сирия Ішкі істер министрлігінің  өкілдері, тәртіпті күшпен    орнату  ниеттері  туралы ескертті. 

Жексенбі,  17 сәуірде   Хомс қаласында   шерушілер  мен  полицияның арасында қақтығыс орын алды,  бұл оқиғаға    жергілікті  ру басылардың  бірінің   қамауда   отырып қайтыс болуы  себеп  болды.   Ал  қарулы   қақтығыс  барысында сегіз адам  қаза болды. 

Құқық қорғау  ұйымдарының деректері  бойынша,  өткен айда Сирияда осындай   қақтығыстарда   200-ге жуық  адам қаза   тапқан. Елді соңғы 11 жыл бойы басқарып келе  жатқан және президенттік  таққа әкесінен  кейін отырған  Сирия Президенті  Башар Асад    елдегі 48 жылға созылып  отырған төтенше жағдай режимі жақын    күндері      алып тасталынатынын  жария етті. 

http://www.inform.kz/kaz/article/2372279


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер