BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шри-Ланкада дауыл салдарынан 3 адам қаза тауып, 8 мыңнан астам адам зардап шекті

Фото: brainfeedmagazine.com

Шри-Ланкада дауыл соғып, кем дегенде 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі iz.ru сайтына сілтеме жасап.

«Жексенбіге қараған түні аралда дауыл соғып, нөсер жаңбыр жауды. Алдын ала болжам бойынша, 3 адам найзағай соғып қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, дауыл салдарынан 8 мыңнан астам жергілікті тұрғын зардап шеккен.

«252 адам қауіпті аумақтан көшірілды. 200-ден астам үй бүлініп, қирап қалды», - делінген басылым бетінде.

Былтыр Шри-Ланкада нөсер жауын жауып, соның салдарынан 200-ден астам адам қаза тауып, 78 адам із-түссіз жоғалып кеткен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер