ШЫҰ саммитіндегі Иран президентінің 20 риторикалық сұрағы - Әлем|15 Маусым 2011, 18:52
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ШЫҰ саммитіндегі Иран президентінің 20 риторикалық сұрағы

АСТАНА. Маусымның 15-і. BNews.kz – Иран Ислам республикасының Президенті Махмұд Ахмадинежад Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) мерейтойлық саммитінде қазіргі әлемдегі саяси ахуалдың өзекті мәселелеріне қатысты жиырмадан астам риторикалық сұрақтан тұратын баяндамасын оқыды.

«…Бірнеше нақты сұрақтардан бастағым келеді:

1.   Біздің елдеріміздің бірі құлдықтың көлеңкелі кезеңін құруда және бірнеше миллион адамды қырып-жоюда қандайда бір рөл атқарды ма?

2.   Біздің елдеріміздің бірі әлемнің басым аумағына адамгершілікке қарсы отарлық саясатын жүргізіп көрді ме?

3.   Біздің мемлекеттеріміздің бірі отарлау арқылы өзге елдердің мәдениеті мен байлығын иеленіп көрді ме?

4.   Біздің мемлекеттеріміздің қайсысы нәтижесінде әлемнің әр бұрышында миллиондаған адам қаза тауып, жараланып, үйсіз-күйсіз қалған екі дүниежүзілік және одан кейінгі ондаған соғыстардың бастаушысы болып көрді?

5.   Біздің мемлекеттеріміздің бірі басқа елдердің жазықсыз халқына қарсы атом бомбасын пайдаланып көрді ме?

6.   Біздің елдеріміздің қайсысы нәтижесінде бірнеше әскери қақтығыстардың тұтануына себеп болып,соның салдарынан 60 жыл бойы бейбіт халықтың басын лаңкестікке, қауіп қатерге тіккен палестин халықтары мен Таяу Шығыстың басқа да халықтарына сионизм саясатын жүргізіп көрді?

7.   Соңғы он жылдықтар бойы Латын Америкасында үстемдік етуші диктаторлық режим мен әлемнің басқа да бөліктеріндегі күні бүгінге дейін өз қызметін тоқтатпаған осыған ұқсас режимдер біздің қолымызбен құрылып немесе біздің қолдауымызға ие болып көрді ме?

8.   Ауғанстан мен Иракқа басып кіріп, миллионнан астам адамның қырылуы мен жаралануына себеп болған 11 қыркүйектегі оқиғаларда біздің елдеріміздің қайсысы қандай рөл атқарды?

9.   Біздің елдеріміздің қайсы-бірі Ауғанстан, Ирак, Пәкістан немесе басқа да аймақтардағы есірткі бизнесі мен лаңкестік топтарды құру және экстремизм үшін жол ашуға жағдай жасап немесе қол ұшын беріп көрді ме?

10.   Біздің елдеріміздің қайсы-бірі экономикалық құрылымдарда басым рөлге ие?

11.   Немесе біздің елдеріміздің қайсысының жоспарлары мен жобаларының нәтижесінде жаһандық экономикалық дағдарыс туындады?

12.   Біздің елдеріміздің қайсысы оңтүстік және солтүстік елдер арасындағы толымсыздықтың орнын толтыра алды?

13.   Біздің елдеріміздің қайсысы Африка елдеріне соғыс, сауатсыздық пен кедейшілік сынды нәубетті таңа отырып, оның барлық қазынасы мен байлығын көк тиынға иеленіп алды?

14.   Біздің елдеріміздің қайсысы ештеңемен қамсыздандырылмаған долларларды басып шығару арқылы өз қаржылық кемшіліктерін жауып, әлемдік экономикада дағдарыс тудырып отыр?

15.   Қандай негізге сүйене отырып, құл иеленуші-отарлаушы-басқыншы, адамзат қауымдастығы түйткілдерінің ең басты жақтаушысы демократия мен адам құқығын қорғау сылтауымен біздің елдеріміз бен халықтарымызға қысым жасау мүмкіндігіне ие бола алады?

16.   Біржақты тәртіп пайдалана отырып, келесі жағынан жаңа ұрандардың көлеңкесімен отарлау саясатын мақсат тұтқан бұл арамза өтірікшілерге қалай сенуге болады?

17.   Және ең басты маңызды сұрақ: тойымсыздық пен шексіз агрессияға, сондай-ақ әлемге қайта бақылау орнату мақсатымен құрылған үстемдік ету жүйесінің жаңа жоспарын қабылдауға қарсы әрекеттер жағдайды жақсартуға ықпал ете ала ма?

18.   Тарихтағы үздік саясаткерлердің қысымына, қауіп-қатері мен қорлауына ұшырайтындай біздің мемлекетіміз бен халқымыздың жазығы неде?

19.   Тарих дәлелдеді және бүкіл әлем біледі – біздің бәріміз соғыс пен қақтығысты қолдамаймыз және оған барудан қашамыз. Саяси құралдардың көмегімен бұл әділетсіз қарым-қатынасты өзгертуге болар ма екен?

20.   Ең төменгі талап ретінде, бірлік, ынтымақтастық пен өз мүмкіндіктерімізді пайдалану арқылы халықтарымыздың негізгі құқығын осы озбырлықтан қалай құтқаруға болады?

…Достарым менің, жауабы айқын осыған ұқсас ондаған сұрақтар бар. Біздің халықтарымыздың, мемлекеттеріміздің ешқайсысының аталған лас істерге қатысы жоқ екенін зор мақтанышпен айта аламын... Мәдениеттілік, махаббат пен адамгершілік біздің халықтарымыздың ең негізгі және ортақ қасиеттері болып табылады. Келісілген іс-әрекеттер арқылы әлемдік құрылымның бағытын өзгерте алатынымызға сенімдімін, біз үстемдік етуші таптың жүгенсіз кеткен күшін ауыздықтап, әлемге тыныш өмір сыйлай аламыз...», - деді риторикалық баяндамасының соңынан Иран Президенті Ахмадинежад мырза.

http://www.bnews.kz/kk/news/post/52707/


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер