BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шанхайда тайфун салдарынан 130 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

Фото: podrobnosti.ua

Жұма күні таңертең Қытай қаласын тайфун жайпады. Кей аудандарда желдің күші 10 балл болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Тайфун салдарынан 130 мың адам қауіпсіз орынға көшірілді. Сондай-ақ, метеорологтар жақын арада 30 мм жауын жауады деп болжауда. Желдің күші азайғанмен, тайфун 4 тамыз күні әлсірейді.

Еске сала кетсек, тайфун Жапонияның орталық, батыс аймақтарын жайпап, соның салдарынан 23 адам зардап шеккен. Тайфун болған кезде жел сағатына 144 шақырым жылдамдықпен соққан. Соның салдарынан ішкі 150 авирейстің уақыты кейінге шегеріліп, пойыздар жүрісін тоқтатқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер