Ресейде мектепке жасалған шабуылдардың байланысы тексеріліп жатыр - Әлем|20 Қаңтар 2018, 13:02
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ресейде мектепке жасалған шабуылдардың байланысы тексеріліп жатыр

Фото: интернеттен

Ресей құрамындағы Бурятия Республикасының астанасы Улан-Удэ қаласындағы мектепке жасалған шабуылға күдікті ретінде ұсталған 9-сынып оқушысы Антон есімді жасөспірім әскери отбасында өскен. Ол шабуыл жасағаннан кейін өз-өзіне қол жұмсағысы келеді. Содан соң полицейлер баланы ауруханаға жеткізді. Оқушы жайлы бұдан басқа ақпарат жоқ, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Тергеушілер «адам өлтіруге әрекет жасау» және «салғырттық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ресейдің «Дождь» телеарнасы мектепке жасалған шабуыл салдарынан зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген жеті адамның екеуі ауыр халде деп хабарлады.

«Роскомнадзор» мекемесінің қызметкерлері мектептегі зорлық-зомбылыққа түрткі болатын әлеуметтік желідегі топтарды бұғаттау ниеті туралы мәлімдеген.

Әуелде мектепке шабуыл жасағандар саны үшеу деп хабарланған, бірақ кейін ол ақпарат расталмады.

Сонымен қатар, Улан-Удэ қаласындағы шабуыл – соңғы бірнеше күнде Ресейде мектепке жасалған үшінші шабуыл оқиғасы болып отыр. 15 қаңтарда Пермь қаласындағы №127 мектепке кірген екі жасөспірім 4-сынып оқушылары мен мұғалімге пышақпен шабуылдады. 15 адам жараланған бұл қылмысқа күдіктілер сот шешімімен екі айға қамалды.

Тергеушілер «алдын ала сөз байласып, бірнеше адамды өлтіру үшін шабуыл жасау» деген бап бойынша да қылмыстық іс ашты.

Еске сала кетсек, 17 қаңтарда Челябі облысындағы Смольное кентіндегі мектепте 9-сынып шәкірті өзге оқушыға пышақ сұқты. Тергеу органдары Пермь, Челябі облысы және Улан-Удэдегі шабуылдардың өзара байланысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі хабарлады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер