Ресейде 11 жастағы оқушы тірідей қатып қалған - Әлем|21 Қаңтар 2018, 15:49
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ресейде 11 жастағы оқушы тірідей қатып қалған

Ресей Федерациясына қарасты Удмурд Республикасында 11 жастағы оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

Ресей Федерациясының Удмурт Республикасындағы тергеу комитетінің тергеу органдары 11 жастағы оқушыны іздеу фактісі бойынша Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 109-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс негізінде қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы жергілікті ІІД хабарлаған.

"Тергеушілердің айтуынша, 2018 жылдың 20 қаңтарында сағат 23.00-ге дейін (Мәскеу уақытымен 00.00) құқық қорғау органдары Воткинскіден келген баланың ата-анасынан баланың мектептен кейін үйге келмегені туралы хабарлама алды. Іздеу нәтижелерінің арқасында баланың жансыз денесі Воткинск қаласы маңындағы саяжайдағы үйлердің бірінен табылған. Алдын ала деректер бойынша оның үсіп өлгені анықталды», - делінген хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер