Ресейде бензин тапшылығы қайта басталады – сарапшылар - Әлем|25 Шілде 2011, 11:12
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ресейде бензин тапшылығы қайта басталады – сарапшылар

МӘСКЕУ. Шілденің 25-і. BNews.kz – Мамандар мен нарыққа қатысушылардың болжауынша, Ресей бірнеше аптадан кейін-ақ бензин тапшылығына ұшырайды, деп хабарлайды РБК. 

Қазіргі уақытта жанармай бағасы аптасына 4-10 тиынға қымбаттауда, бұл үрдіс бұдан кейін де жалғаса бермек, және ешкім оны ауыздықтай алмайды, деп есептейді «Кортес» орталығының дамыту және маркетинг жөніндегі директоры Павел Строков.  

«Роснефтидің» болжамына қарағанда, Федеральдық монополияға қарсы қызметтің бензин бағасын арзандатуға күш салуы оның ресей нарығындағы тапшылығына алып келуі мүмкін. Компанияның пікірінше,  Евро-2 нормасына сәйкес бензин айналымының мерзімін ұзарту арқылы бұл қиындықтан шығуға болады, деп жазады «РБК daily».

Дегенмен, П.Строков Евро-2 айналымының мерзімін ұзарту мәселені түбегейлі шешпейді: бензин тапшылығы жойылмайды деген пікірде. Ол тамыз айында бірнеше зауытта жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін еске салып өтті. 

http://www.bnews.kz/kk/news/post/55216/


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер