“Путин Тимошенконы президент еткiсi келдi” - Әлем|10 Наурыз 2011, 11:53
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

“Путин Тимошенконы президент еткiсi келдi”

Атышулы “Викиликс” тағы бiр даудың құлағын қылтитып қойды. Бұл жолғысы Путинге қатысты. Құпия құжаттарға сенсек, алғашқыда Путин Януковичтi жақтырмапты. Сол тұстарда Украинаның Ресей­дегi елшiсi Константин Грищенконың айтуынша, Ющенконы жек көретiн, Януковичтi жақтырмайтын Путин бұларға балама ретiнде Тимошенконы қош көрген.
2004 жылы АҚШ-Еуроодақ саммитiнде Путин Нидерланды сыртқы iстер министрi Бернард Ботқа: “Мен тiрi тұрғанда Ук­раи­наны батысқа ешқашан бермеймiн!”, — деген-мыс. “Ал ендi Януковичтiң президент болып сайлануына келер болсақ, Путин оның құлағын бұрап қойған. Қайда жүр десе, сонда жүредi”, — деп жазды “Викиликс”. ӘЛ-БАРАДЕЙ ПРЕЗИДЕНТТIК САЙЛАУҒА ТҮСПЕК МАГАТЭ-нiң (Атом энергиясы жө­нiн­дегi халықаралық агенттiк) бұрынғы басшысы Мұхаммед әл-Барадей биылғы жылдың тамыз айында Египетте өтетiн прези­денттiк сайлауға қа­тыспақ. Бұл туралы Магриб Араб Пресс агенттiгi хабарлады. — Египет халқына қызмет ету — мен үшiн аса зор құрмет. Мемлекеттiк басқару реформаларына, жаңарған саяси жүйеге адал қызмет еткiм келедi, — дедi Мұхаммед әл-Барадей Каирде жақтастарымен кездескенiнде. Әл-Барадейдiң әлемдiк саяси аренада айтарлықтай беделi бар. Ол Египеттiң сыртқы iстер ми­нистр­лiгiнде ұзақ уақыт қызмет еттi. Одан кейiн БҰҰ-да жауапты жұмыстар iстедi. 1997-2009 жылдары МАГАТЭ-нi басқарды. Жасы 68-де. Биылғы қаңтар-ақпан айларындағы төңкерiс кезiнде Хосни Мүбәрәктi билiктен кетiруге көп күш салғандардың бiрi — осы әл-Барадей. Толқулар кезiнде ол “Өзгерiстер үшiн ұлттық бiрлес­тiк” саяси қозғалысын басқарды. Сарапшылардың айтуынша, сайлауда жеңiп шығуға әл-Барадейдiң шама-шарқы жетедi. Елiнде — сыйлы, шетелде — беделдi. Әсiресе, әл-Барадей 2005 жылы атом энергиясын бейбiт мақсатқа жұмсауға күш салғаны үшiн Нобель сыйлығын иеленген соң абырой-беделi бұрынғыдан да артты. МУАММАР КАДДАФИ: ЛИВИЯНЫ БАТЫС ӨЗ ОТАРЫНА АЙНАЛДЫРҒЫСЫ КЕЛЕДI Сейсенбiден сәрсенбi­ге қараған түнi Ливияның басшысы Муаммар Каддафи Триполи қаласында мәлiм­деме жасады. Ол былай дедi: “Батыс елдерi Ливияны өз отарына айналдырғысы келедi. Қазiрдiң өзiнде олар Парсы шығанағы мен Ирактағы мұнайға иелiк етiп отыр”. Өтпелi кезеңдегi ұлттық кеңес мүшелерiн Каддафи “сатқындар тобы” деп айыптады. Каддафи билiгi мен оппозициялық күштер арасындағы қарулы қақтығыс әлi жүрiп жатыр. ИТАР-ТАСС-тың хабарлауынша, сейсенбi күнi үкiметтiк әуе күштерi Рас-Лануф және әз-Завия қалаларын бомбалаған. http://www.zhasalash.kz/shetel/4079.html

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер