BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ғалымдар пластиктің ерлер ағзасына қалай әсер ететінін анықтады

Бисфенол А, фталат, парабен және атразин ағзадағы ақаулардың дамуына әсер ететін зиянды қоспалар. Бұл жайында Мельбурн университетінің ғалымдары мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru порталына сілтеме жасап.

Көптеген бала жыныстық мүше ауруымен дүниеге келуде, бұл еркектердің несеп-жыныстық жүйесінің даму кемістіктері деген сөз. Мельбурн университетінің ғалымдары осындай тоқтамға келген. Олардың дерегінше, пластик құрамындағы элементтердің әрекетінен жыныстық мүшелер кішірейе түседі.

Сарапшылардың мұндай пікірі жүргізілген зерттеулерге негізделген. Олар химиялық заттар әсер еткен жануарларға, сонымен қатар жыныс мүшесінде ақауы бар, көбінде гипоспадиямен туған адамдарға зерттеу жүргізген.

Ғалымдар ерлердің жыныстық мүшесінің дамуы мен көлеміне пластик құрамындағы заттар мен тұрмыстық химия қоспалары әсер етеді деп санайды. Олардың айтуынша, ағзадағы ақаулардың дамуын жоғарылата түсетін зиянды қосапаларға бисфенол А, фталат, парабен және атразин жатады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер