BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Перуде пойыз апатынан 31 адам зардап шекті

Фото: interfax.ru

Мачу-Пикчу ауданындағы екі туристік пойыздың қақтығысуынан зардап шеккендердің саны 31-ге жетті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі RT агенттігіне сілтеме жасап.

RPP радиостанциясының мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда 5 азамат хал үстінде жатыр.

Лимадағы Ресей консульдығының РИА Новости агенттігіне берген ақпаратына сәйкес, пойыздардың қақтығысуынан зардап шеккендердің арасында ресейлік азаматтар жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Перудегі пойыз апатынан 23 адамның зардап шеккені туралы ақпарат тараған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер