BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ПАРЛАМЕНТТІҢ ӨЗ ІСІМЕН АЙНАЛЫСҚАНЫ ЖӨН

Қырғыз Республикасының президенті Роза Отунбаева Жогорку кенештің отырысында сөз сөйлеп, парламенттің саяси ойынмен айналыспай, өзіне тән заң шығару міндетін ат­қарғаны жөн екенін атап көрсетті.
Олай бол­ма­ған жағдайда, ол «мемлекет бас­шы­сы, конс­ти­ту­цияның кепілі ретінде, ха­лық­ты бөлшектеуге, мемлекетті күй­ретуге жол бермейтінін» мә­лім­­деді. Және бұл сөз реті келгенде айта салғандай емес, нақ­ты дәлелмен, батылдықпен, жұрт­­қа мықты әсер қалдыр­ған­дай сеніммен айтылды. Ел ба­сы­на туған сын кезеңде парламент өзіне жүктелген міндеттерді орындау орнына, саяси ойын­мен әуестенер болса, халық оны таратуды талап ететінін, ал өзі оны орындайтынын ескертті. Мұндай мәлімдемені президент Отунбаева Жогорку кенеш­те 2010 жылғы маусымда Ош және Жалалабад облыстарын­да­ғы ұлтаралық шиеленістің се­беп­терін анықтау жөніндегі ко­мис­сияның баянда­масын парламент ұзақ талқылап, онда кешегі билік дағдарысы кезінде жұмыс істеген Уақытша үкі­меттің аты­на көптеген сын ай­тылып, ел басына туған қиын­дықтарды со­ған аударғысы келген пиғыл­дар­ға байланысты жасады. Ұлттық комиссияны басқар­ған Әбдіғани Еркебаевтың баян­да­масында Уақытша үкіметтің мү­шелері Кенешбек Дүйшебаев, Болот Шерниязов, Исмайыл Иса­ков, Әзімбек Бекназаров­тар­дың аттары аталып, оларға ай­тар­лықтай айып тағылған. Парламенттегі көпшілік орны бар «Атажұрт» партиясының көсемі Қамшыбек Тәшиев «Уа­қытша үкі­мет жауапқа тартылсын» деген ұран тастады. Уақытша үкі­метті айыптау – Бакиев билігі тәртібін ақтау деген сөз. Президент Отунбаева елде ескіні қай­та орал­туды көз­дейтін, Уа­қыт­ша үкіметтің жұ­мы­сын жоққа шы­ғарғысы келетін, оның шешімдерін қайта қарағысы келетін күш­тер­дің бар­лығын ай­тып, оған жол берілмейтінін ескертті. Ескі тәртіп күйреп, президент пен үкімет елден қашып кеткенде, Уақытша үкімет бар жауапкершілікті өз мойнына алып, қиын-қыстау кезде жұмыс істегенін президент атап көр­сет­ті. Мұндай кезде кемші­лік­тердің де болатыны бар, оған да тү­сіністікпен қараған жөн. Роза Отунбаеваның парламенттегі сөзі белгілі дәрежеде бі­раз қайраткерлердің екпінін басқаны анық. Шын мәнінде сая­си пар­тиялардың бас­шы­лары әрең дегенде жұмысқа кіріскен парламентті бұрын­ғы­дай саяси айтыс алаңына ай­нал­­дырғысы, ал әупіріммен құ­рыл­ған үкіметті ондағы өз­де­рінің өкілдері ар­қылы қол­шоқпарға ай­нал­дыр­ғы­сы келетін сыңайлы. Сон­дықтан да олар­дың елді жаңа қа­сіретке ұшы­ратпауының бірден-бір жо­­­лы сол айтыс алаңынан айыру еке­нін ескертуі президенттің ба­тыл қа­дамы деп бағалаған жөн-ақ. Қазір елде тұрақтылық ор­нықтыру үшін де оған заңдық негіз керек. Оны жүзеге асы­ратын парламент. Сол заңдық не­гіздің жоқтығынан елде ұй­ым­дасқан қылмыс етек алып отыр. Ал олармен күресуге міндетті құқық қорғау орындары адам­дарының өзі заңға қайшы әрекет жасайды. Біраз жерде олардың зорлығына ұшыраған жастар Ауғанстандағы жасақ­шы­ларға барып қосылған көрі­неді. Олар елге қарумен оралуы мүмкін, дейді президент Отунбаева. Ұйымдасқан қыл­мыс­пен кү­рестің қазір ел үшін шешуші маңызы бар. Соған бай­ланысты заң да әзірленіп жатқан көрінеді. Бірақ ол парламент тарапынан қолдау таппаған. Мамадияр ЖАҚЫП. http://www.egemen.kz/27111.html

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер