BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Пәкістанда көлік апаты салдарынан 14 адам қаза тапты

Фото: Trend.Az

Жол-көлік апатының себебі әзірге белгісіз, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі iz.ru сайтына сілтеме жасап.

Пәкістанның солтүстік бөлігіндегі Кохат округінде көлік апаты салдарынан аз дегенде 14 адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды.

Басылымның хабарлауынша, автобус пен мұнай таситын көлік соқтығысқан. Екі көлік те апат салдарынан аударылып қалған.

Көлік апатының себебі әзірге анықталған жоқ. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді. Олардың көбінің жағдайы өте ауыр.

Билік болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер