Өзбекстандықтар Ақтөбеде қайтыс болғандардың отбасыларына арнап ақша жинап жатыр - Әлем|22 Қаңтар 2018, 20:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өзбекстандықтар Ақтөбеде қайтыс болғандардың отбасыларына арнап ақша жинап жатыр

Қайырымдылық акциясының алғашқы күнінде Ақтөбеде ажал құшқан азаматтардың отбасыларына арналып 60 млн сом (7 500 доллар) жиналды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі акцияны ұйымдастырушылардың бірі Хушнудбек Худайбердиевтің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Акция аясында әр отбасыға 10 млн сом жинау жоспарланып отыр. Жексенбі күні акцияны ұйымдастырушылардың бірі әрі Наманған облысындағы танымал бас аспаз Бахриддин Чустий қаза болғандардың отбасыларына барып қайтты. Наманған облысының Туракурган ауданында тұратын 20 отбасы 21 адамнан айырылды. Олардың 10-ы — «Катта Курама» ауылының тұрғындары.

«Бүгін жалпы 12 млн 300 мың сом үлестірдік. Нақтырақ айтсақ, Оманулло Рахмоновтың отбасына — 5 млн сом, Отабек Нишоновтың отбасына — 2,5 миллион сом, Нурмухаммад Хошимбоевтың отбасын — 2,5 млн сом және Солижон Умаралиевтің отбасына — 2,3 млн сом бердік», — дейді ұйымдастырушылар.


Ақтөбедегі оқыс оқиғада қаза тапқандардың отбасыларына келесі карта нөміріне ақша аударуларына болады: 8600 3104 3723 2663. Шетелдік валютада ақша аудару үшін: 4847 9907 0722 6123.

Басқа мемлекет тұрғындары көмек ақшаны PayPal - paypal.me/AbrorjonKodirov жүйесі арқылы аудара алады. Қосымша сауалдар туындаған жағдайда +998946119998 WhatsApp нөміріне хабарласуға болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер