BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өзбекстандағы тәжік диаспорасы тәжік мектептерін жаппауды сұрап ашық хат жазды

Фото: ozodlik.org

Өзбекстанның Ташкент облысы Бостанлык ауданындағы тәжіктер қоныстанған бес ауылдың тұрғындары Тәжікстан мен Өзбекстан президенттеріне ашық хат жазды. Онда олар мұғалімдердің жетіспеуіне байланысты проблеманы шешіп беруін сұрады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ozodlik.org басылымына сілтеме жасап.

Хат авторлары - Пском, Чакак, Палванак, Испай және Нанай ауылдарының 100-ден астам тұрғыны. Олар білікті мұғалімдердің жетіспеушілігінен тәжік мектептерінің жабылып қалуы мүмкін деп қорқады. Ашық хат Өзбекстандағы «Овози тожик» тәжіктілді газеттің соңғы шығарылымдарының бірінде жарияланды.

Бұл - Өзбекстандағы тәжік диаспорасының екі елдің үкіметінен ана тілінде білім алудағы проблемаларға назар аударларын сұрап жазған соңғы 25 жылдағы алғашқы ашық хаты. Ислам Кәрімов басқарған кезде тәжік тілінде оқытатын мектептердің саны азайып қалды. ЖОО-да бұл тілде оқытатын факультеттер түбегейлі жабылды.

Бірақ ол кезде диаспора өкілдері балаларын орыс немесе өзбек мектептеріне беріп, үндемей қалғанды дұрыс деп есептеді.

Бостанлык ауданының тұрғындары өздерінің хатында екі ел президенттерінің көктемде болатын кездесуіне үміт артып отырғанын жазды. Эмомали Рахмон мен Шавкат Мирзиеев Душанбеде кездеседі. Хат авторлары екі ел көшбасшыларының келіссөздерінен кейін ана тіліндегі білім алу проблемасы шешіледі деп үміттенеді.

Чакак ауылының тұрғыны 23 қаңтарда Озоди радиосымен (Азаттық радиосының тәжік редакциясы) телефон арқылы сөйлескенде өз атын таныстырмай, осы хатты жазып, педагогтардың жетпіспеушілігіне назар аударуды сұрағынан айтқан. Олар Душанбеден арнайы мамандарды Өзбекстанға жіберуін өтінеді.

Сонымен қатар, хатта Ташкент облысындағы тәжіктілді мектептерге педагогтарды даярлау үшін Чирчик қаласындағы Педагогикалық институт жанынын топ ашу сұралған.

Тәжіктілді журналист және шолушы Мирасрор Фаргани Озоди радиосымен 23 қаңтардағы сұхбатында Ангрен қаласындағы Педагогикалық институты мұғалімдерді тәжік тілінде даярлағанын, кейін олардың да жабылып қалғанын айтты.

«Бұрын Тәжікстанның Исфара ауданына тәжірибе алмасу үшін баратын едік», - деп еске алады ол.

Өзбекстанның тәжіктілді педагогтарының айтуынша, ата-аналар балаларының оқу үлгерімі төмендеп кеткенін көріп, оларды басқа тілде оқытатын мектептерге ауыстыруға мәжбүр.

Өзбекстандағы тәжіктілді мектептің мұғалімі Дилдора Абдуллоева Озоди радиосымен сұхбатында ашық хат – екі елдің басшылары естуі тиіс жанайқай екенін айтты.

«Хат авторлары Өзбекстан басшылығын елдің негізгі заңына сәйкес, осы елде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасап беруге шақырады», - деді ол.

Өзбекстандағы тәжік диаспоралары, негізінен, Бұхара, Самарқанд, Наманган, Сұрхандария және тағы басқа өңірде тұрады. Ресми деректерге сүйенсек, Кеңес үкіметі кезінде Өзбекстанда 380 тәжік мектебі болған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер