BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өзбекстанда «екілік» бағаны оқушының маңдайына қойған мұғалімге қарсы іс қозғалды

Өзбекстанда бірінші сынып оқушыларының маңдайына қаламмен баға қойған мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бекабад прокуратурасы оқушылардың маңдайына қаламмен «екілік» баға қойған №5 мектептің ұстазына қатысты тергеуге дейінгі тексеріс жұмыстарын аяқтады. Бұл жағдай әлеуметтік желіде кеңінен талқыланған-ды.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Ташкент облыстық халықтық білім басқармасы «Озодлик» радиосына мұғалімнің тәртібі мен сабақ үлгерімі нашар оқушылардың маңдайына қаламмен екілік баға қойғаны туралы хабарлаған. Мұғалімнің бұл әрекетін прокуратура «психологиялық азаптау тәсілін қолдану» деп бағалады.

Тергеу барысында, 2018 жылдың 3 мамыр күні бастауыш сынып ұстазы М. Хамидованың 1 «Ж» сыныбындағы төрт баланың маңдайына «екілік» баға қойғаны белгілі болды. Мұғалім өзінің бұл әрекетін оқушылардың үй тапсырмасын орындамағандығымен түсіндірді.

«Хамидованың осылай жасап жүргенін білетін С. Рахмонова келесі күні оқушыларды өзінің кабинетіне шақырып, олардың маңдайына «екілік» баға қойған. Кейін оқушыларды суретке түсіріп, оларды әлеуметтік желіге жүктеген. Оның бұлай жасауына Хамидоваға деген өшпенділігі себепші болған», - деді прокуратурадағылар.

Тексеріс барысында, бұдан өзге, мектеп қызметкерлерінің бюджеттен заңсыз жолмен 21 млн сомды қолды қылғаны белгілі болды.

М. Хамидова мен С. Рахмонова жұмыстан шығарылды. Мектеп директоры Д. Бабамуратова мен оның бес орынбасары жұмыста қателік жібергендері үшін қызметтерінен кетті. Ал Бекабад халықтық білім бөлімінің меңгерушісі М. Кузибаев ескерту алды.

Екі фактіге сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер