BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өзбекстанда балалар мен әйелдер мінген автобус аударылды

Фото: ntv.ru

Өзбекстанның Ферғана облысындағы Бешарык ауданында 40 жолаушысы бар автобус жол шетіндегі жыраға қарай аударылып қалды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі Newtimes.kz порталына сілтеме жасап.

Автобуста жеміс жинауға бара жатқан жалдамалы жұмысшы әйелдер мен балалар болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 адам ауыр халде аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің өміріне әзірше еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Жол апаты 30 тамыз күні орын алған. Куәгерлердің айтуынша, 18 адамға арналған Mercedes-Benz маркалы автобусы жолдан шығып кетіп, жол маңындағы жыраға аударылған.

Бешарык АІІБ хабарлағандай, аталған факті бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Белгілі болғандай, автобус жүргізушісінің жолаушылар тасымалына арналған лицензиясы болмаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер