BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өзбекстан Тәжікстанға газ экспорттай бастады

Арада алты жыл өткен соң Өзбекстан Тәжікстанға газ шығара бастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Узбекистон-24" телеканалы хабарлағандай, Музрабат-Дүйшөмбү газ құбыры арқылы бір ауданды толықтай газбен қамтамасыз ететіндей көгілдір отын жіберілген.

Аталған газ құбырының қуаты сағатына 25 куб/метр газ жіберуге қауқарлы.

Екі ел арасында газ тасымалы бойынша Ташкент пен Душанбе келісіміне наурыз айында Өзбекстан президенті Тәжікстанға барған ресми сапарында қол қойған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, екі ел арасындағы газ тасымалы 2012 жылы үзілген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер