BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өзбекстан президенті 250-ден астам сотталушыға рақымшылық жасады

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев мемлекет тәуелсіздігінің 27-жылдығына орай 261 тұтқынға рақымшылық жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі uza.uz агенттігі хабарлады.

Президент жарлығына сәйкес жазаны орындау мекемелерінен 215 адам босатылады, сондай-ақ 46 адамның тұтқындалу мерзімі қысқартылатын болады.

Тиісті министрліктер мен ведомстволарға рақымшылық жасалған тұлғалардың әлеуметтік жағынан бейімделуіне, олардың пайдалы еңбекке тартылуына, қоғамнан лайықты орындарын табуына көмек көрсету тапсырылды.

Өзбекстан бұған дейін де президент жарлығымен осы жылдың рамазан айында 226 адамды бостандыққа шығарған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер