BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өзбекстан оқушылары колледжге 11-сыныптан кейін ғана тапсыра алады

Фото: globalpartnership.org

2018-2019 оқу жылында Өзбекстанда оқушыларды колледжге қабылдау тәртібі өзгереді. Бұдан былай оқушылар аталған оқу орнына тек 11-сыныптан кейін тапсыратын болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Академиялық лицей мен колледжге тапсыру ережелері президенттің тапсырмасымен өзгеріп отыр. Аталған тәртіп Өзбекстан оқу орындарына 2019-2020 жылы енгізіледі. Ал оқу мерзімі алты айдан басталып, екі жылға дейін созылады.

2017-2018 жылы колледж бен лицейге тапсырып үлгерген оқушылар қазіргі ережелерге сай оқуларын аяқтайды. Мұнымен қатар, 2018-2019 жылдары мемлекетте 11 жылға созылатын міндетті орта білім жүйесі енгізілмек.

Дәл қазір аталған мемлекетте 1 500 арнайы орта білім мекемелері, жоғарғы білім беруге бағытталған 1 411 кәсіби колледж және 144 академиялық лицей бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер