BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өзбекстан билігі 52 адамның өртену себебіне байланысты өз нұсқаларын айтты

Өзбекстан билігі 52 адамның қайтыс болу себебіне байланысты әзірленген қаулыны жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Автобустың өртенуіне басты себеп – оның техникалық ақаулары. Дәлірек айтсақ, ішінде жылудың жоқтығы, тез тұтанатын заттардың көптігі, өртке қарсы құралдардың қолданылмауы, салмақты көтере алмауы, салоннан шығар жолдың жүкпен бөгелуі, қарапайым қауіпсіздікке байланысты профилактикалық шаралардың болмауы», - деп жазылған қаулыда.

Аталған қаулыны Өзбекстан азаматтарының транспорт көмегімен шетелге шығу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін республикалық комиссия әзірледі. Оны мемлекеттің бірінші вице-премьері Ачилбай Раматов басқарды. 2018 жылдың 1 ақпанынан бастап шекарадан шығатын автобустар мен микроавтобустар жақсылап тексерілетін болды.

Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай 18 қаңтар күні Қалыбай ауылынан 10 км және облыс орталығынан 320 км қашықтықта Самара-Шымкент трассасында Астана уақытымен сағат 10.30-да болды. Өзбекстанның 57 азаматы отырған «Икарус» маркалы жолаушылар автобусы өртенді. Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жанып жатқан автобустан 5 адам шығып үлгеріпті, 52 адам қайтыс болған.

Бұдан кейін Ақтөбеде өртенген автобустың видеосы шықты.

Сонымен қатар, автобустағы өрттен зардап шеккендердің аты-жөні белгілі болды, қазір оларды Ақтөбеге алып бара жатыр. Олардың арасында үш жүргізуші, Қазақстан азаматтары – 1985 жылы туған Мақсат Пернебек, 1968 жылы туған Нұржан Қырғызбаев, 1978 жылы туған Барат Таңатаров. Барлығы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Қалған екеуі Өзбекстан азаматы – 1988 жылы туған Ахрор Исаков және 1980 Исроилджан Мырзахметов.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда болған оқыс оқиға орнына дәрігерлер, СІМ және министрлік қызметкерлерін жіберу үшін ұшақ жіберетінін хабарлаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер