Өз мәселесін әркімнің өзі шешкені жөн - Әлем|11 Наурыз 2011, 12:40
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өз мәселесін әркімнің өзі шешкені жөн

Биылғы жылдың ерекшелігіне айналған араб дүниесіндегі революциялық жағдай Ливияда айрықша сипатқа ие болды. Басқа жерлерде билік көтерілген халықтың дегеніне көніп, біреулері бас сауғалап қашса, екіншілері орнынан кетуге мәжбүр болған. Ал Ливияда азамат соғысы жүріп жатыр.

Оған басқа­лар­дың араласқаны жөн бе? Бұл сұрақ та осы елдегі жағдайға бай­ланысты күн тәрті­бі­не шықты. Әйтпесе, Тунисте де, Египетте де биліктегілер ал­­ғашқы күннен-ақ дәрменсіздік көр­сетіп, қарсылық жасай алмады. Содан кейін бұл елдерде басқа­лардың араласуы қажет пе деген сұрақ та туа қоймаған. Тек АҚШ бастаған біраз ел Египет президенті Хосни Мүбәракқа кеткенің жөн деген «ке­ңес» айтқан. Оның ар жа­ғын­да кет­песең, күшпен кетіреміз деген қор­қыту аңғарыла қоймағандай еді. Ливияда қалыптасқан жағдай мүлде өзгеше. Алғашында революция жалыны елдің біраз өңірін жыл­дам-ақ шарпыды. Сонда билік те біраз абдырап, қарсылыққа шық­қан­дар белсендірек қимылдаған. Сөйт­се де, билік есін жиып, елде қалып­тасқан жағдайды бақылауға ала бастады. Олардың қолында ора­­сан күш барлығы белгілі. Со­ның сал­дары­нан қарсылыққа шыққан ха­лық­тың арасында құрбан болғандар да біраз. Мұндай қақтығыс жалғаса беретін болса, құрбандықтың да көбейе түсетіндігі түсінікті. Алғашында Ливиядағы қантө­гіс­ке байланысты көп елдерде, ха­лықаралық ұйымдарда Муамар Кад­­дафиді айыптаған, оған қарсы шара қолдану жөнінде пікір қалып­тасты. АҚШ бастаған біраз ел Ливия басшылығына, бұл елге қатыс­ты санкциялар жариялап үлгерді. Каддафидің және оның отбасының шетелдегі қаржылары жабылды, олар­дың өздеріне шетке шығуға ты­йым салынды. Ал БҰҰ Қауіп­сіз­дік Кеңесі бұл елге қару сатуға тос­қауыл жасады. Дәл қазір Каддафи­дің шетке қыдыратындай зауқы жоқ­тығы өз алдына, бұл елдің қару-жарағы жеткілікті. Кезінде олар Ресейден, АҚШ-тан, Франциядан, Гер­маниядан біраз қару сатып ал­ған. Сол қарулар да біраз нәрсені бүлдіруге жетеді. Санкциямен Каддафиге жедел ықпал ете алмасын білген біраз ел енді қатқылдау шараларға жүгіну жөнінде әңгіме айта бастады. Бұл жерде олардың АҚШ-қа жал­тақ­тай­тыны бар. Нау­рыз­дың алғашқы к­ү­ні АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Сюзан Райстың өз елі Ливия көсемі Каддафи режімін құ­латудың «әскери» жолын НАТО-мен келісіп жатқа­нын мәлімдегенде, соғысқа жол ашылғандай көрінген еді. Бірақ парасаттылық оған апармады. Бұған дейін тарих мәселені қарудың күшімен шешуге бол­май­тынын талай рет дәлелдеген. Оған мысал – Ауғанстандағы соғыс, Ирак­тағы соғыс. Біраз адам осы­дан 18 жыл бұрын АҚШ-тың Сомалидегі жағдайды күшпен реттегісі келгенінен түк шықпағанын да еске алды. Социологиялық сауалдамада америкалықтардың 67 па­йы­зы өз елінің Ливияға күш қол­дануын құптамаған. Әрине, ел басшылығы мұны ескермей тұра алмайды. Осы кезде әлем жұртшылығы Муамар Каддафидің уәж сөздерін де естіді. Өзін айыптаған ел бас­шыларына ол өз елдеріңде мемлекетті күйретуге әрекет жасалып жат­са, қарап отыра берер ме едің­дер дегенді айтты. Ал біраз адам­ның құрбан болғанына байланысты олардың қару қоймаларын басып алмақ әрекеттеріне тосқауыл жа­салғанын алға тосты. Сырттан сөз айтпай, шын жағдайды көру үшін БҰҰ және НАТО тергеушілерін өз­деріне шақырғаны да біраз адам­ның көңіліне қонған. Соңғы кезде Ливияға күш қол­дануға қарсы пікірлер әр тұстан естіле бастады. Ал Түркияның премьер-министрі Реджеп Тәип Ер­до­ғанның сөзі біраз ел, әсіресе НАТО елдері басшыларының екпінін мық­тап-ақ басқаны анық. «НАТО өзіне мүше елдерінің ісіне аралас­сын, Ливияда не шаруасы бар!»  деген оның ашына айтқан сөзі бас­қалардың да көңілінен шықты-ау дейсің. Оның пікірінше, осынау таяу­шығыстық ел өз мәселесін өзі шешуге тиіс, басқалардың оның ішкі ісіне араласпауы керек. Ливияда соғыс жүріп жатыр. Соған байланысты пікірлер соғысы да жүріп жатыр. Парасаттылық жеңсе керек деп үміттенесің. Мамадияр ЖАҚЫП. http://www.egemen.kz/29318.html


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер