BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Оппозициямен келісімге келмек

Египеттің вице-президенті Омар Сулейман кейбір оппозициялық партиялармен келіссөздер жургізуде, деп хабарлады «Маяк» радиосы CNN агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Ол ұлттық телеарна арқылы президент Хосни Му­барактің конституциялық реформалар бойынша жұ­мыстарды бастау жөнінде өзіне өтініш білдіргенін мәлімдеген. Ол реформалар жұмыссыздықпен, кедейшілікпен және коррупциямен күрес тәрізді бірінші кезекті міндеттерді қамтуы тиіс. Сол сияқты 1 ақпанда ел астанасы Каирде «миллиондар маршы» ұйымдасты­ры­латынын да айта кету керек. Оның үстіне қарулы күштер өз халқына қарсы ешқашан оқ атпайды деген мәлімдеме де ереуілшілер сеніміне қанат бітіріп отыр. САММИТ ӨТКІЗУГЕ ҚАРСЫ ЕМЕС Оңтүстік Кореяның президенті Ли Мен Бак сейсенбі күні КХДР-мен екіжақты жоғары дә­ре­желі саммит өткізілуі мүмкін екенін хабарлады. Ли Мен Бак Солтүстік Кореяны екі ел арасындағы шиеленісті бә­сең­сіту үшін туып отырған осындай «жақсы мүмкін­дік­ті» пайдаланып қалуға шақырды. Оңтүстік Кореяның қа­зіргі басшысы ешқашан КХДР-мен жақындасуды жақ­тау­шы ретінде саналған емес, ол өз саясатын да сол тұ­р­ғыда құратын. Жоғарыдағы мәлімдеменің жұрт назарын өзіне аударып отыруының бір себебі де сол болса керек. ПӘКСТАН ЯДРОЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ЕСЕЛЕЙ ТҮСТІ Пәкстан соңғы жылдары өзінің ядролық арсеналын екі есе ұлғайтты, деп хабарлады Washington Post. Соның нәтижесінде елдегі ядролық зарядттар саны 110-ға жеткен. Соның арқасында Исламабад өңірдегі өзінің дәстүрлі бәсекелесі – Үндістанды басып озған. «Пәкстан күрделі өңірде орналасқан, сондықтан өз қауіпсіздігі проблемасына әркезде де шынайы көзқарас танытатын болады», – деп мәлімдеді АҚШ-тағы Пәкстан елшілігінің өкілі, генерал Назир Батт. Сарапшыларды соңғы уақыттары ел ішіндегі тұрақсыздық жағдайында Исламабад өз ядролық арсеналының қауіпсіздігін қамта­масыз ете ала ма деген мәселе алаңдатуда. РЕСЕЙДЕ 1 АҚПАННАН БАСТАП ЗЕЙНЕТАҚЫ ӨСПЕК Ресейлік зейнеткерлердің еңбек зейнетақылары 2011 жылдың 1 ақпанынан бастап 8,8 пайызға индек­сацияланбақ. Соның нәтижесінде кәрілік бойынша берілетін еңбек зейнетақыларының орташа мөлшері 8 мың 498 рубльге жететін болады. Ресейліктердің әлеуметтік зейнетақылары үстіміздегі жылдың сәуір және шілде айларында өсірілмек. 1 сәуір­ден бастап әлеуметтік зейнетақылар тауарлар мен қыз­меттер бағаларының өткен жылғы өсімін ескере отырып ұл­ғай­тылса, 1 шілдеден бастап әлеуметтік зейнетақылар зейнет­керлердің 2010 жылғы ең төменгі күнкөріс дең­гей­лерінің өсу қарқынын ескере отырып индексация­ла­натын болады. Оның сыртында 1 сәуірден бастап 17 миллион ресейлік ала­­тын ай сайынғы ақшалай төлемдер көлемі де өсірілмекші. АҚШ НАЦИСТЕРДІ ЕЛДЕН ШЫҒАРМАҚШЫ Детройттың миграциялық со­ты тегі украиналық, АҚШ-тың бұрынғы азаматы 88 жастағы Джон Калимонды Екінші дүние­жү­зілік соғыста нацистерге қыз­мет етті деген айыппен елден шығару жөнінде санкция берді. Айыптаушылардың пайымдауларынша, Джон (бас­тап­қы аты – Иван) Калимон 1942 жылдың мамырынан 1944 жыл­дың наурызына дейін Львовта полицияда қызмет еткен. Тергеушілер Калимон бейбіт азаматтарды, соның ішінде еврейлерді де өз қолымен атты және жазалау опера­ция­ларына қатысты деп есептейді. Айып­та­лу­шының қай елге шы­ғарылатыны хабарланған жоқ. Ал айыпталушы болса, өз кінәларын мойындамай, тағылған айыптардың бәрінен бас тартып отыр, деп хабарлады «Новости» ақпарат агенттігі. ЖАПОН ХАНЗАДАСЫН ҮЙЛЕНУ ТОЙЫНА ШАҚЫРДЫ Жапонияның мұрагер ханзадасы Нарухито мен оның зайыбы Масаконың британ ханзадасы Уильям мен Кейт Миддлтонның 29 сәуірде өтетін үйлену тойына қатысуы мүмкін. Өткен бейсенбі күні Ұлыбританияның Король сарайы Елизавета Екіншінің атынан Жапония императоры Акихито мен императорша Митиконы салтанатты рәсімге шақыруға бола ма дегенді білу үшін Жапонияның Император сарайы істері жөніндегі басқармасына өтініш білдірген. Дегенмен жапондық император отбасының бос уақытының жоқтығына байланысты Басқарма олардың орындарына мұрагер ханзада мен оның зайыбының баруы мәселесін ойласу жөнінде шешім қабылдапты. ТЫҢШЫЛЫҒЫ ҮШІН ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА КЕСІЛДІ Дүйсенбі күні Сомалидің астанасы Магадишода елдің басым бөлігін бақылауда ұстап отырған «Әл-Шабааб» тобы АҚШ-тың тыңшысы болды деген айыппен бір ер адамды өлім жазасына кесті. Судьяның айтуынша, 44 жастағы Ахмед Али Хасан соңғы 16 ай бойына АҚШ-тың орталық барлау басқар­ма­сына қызмет еткенін мойындаған. Сол сияқты оған қатысты «Әл Шабааб» күштеріне дұшпандық пиғылдағы адам деген де күмән туындаған. Оның сыртында дүй­сенбі күні үкімет әскерлері мен полиция арасында бол­ған қақтығыстан Магадишодан 16 адам қаза тапқан. Интернет материалдары негізінде әзірленді. http://www.egemen.kz/26839.html

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер