BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Оқушы мас күйінде көлікке отырып, полицейді қағып кетті

Алматы, BAQ.KZ. Челябинскіде 15 жастағы қыз полицейді қағып кетті. Тергеу барысында қыздың көлікке мас күйінде отырғаны анықталған.

Оқушы Mercedes Benz автокөлігін басқарып келе жатқан. Алдымен ол жол жиегінде тұрған Lifan көлігін соққан, кейін полицей мен жол белгісін қағып өткен. Оқиғаға байланысты кәмелеттік жасқа толмай мас күйінде көлік жүргізу және үкімет өкіліне күш көрсету қаракеті бойынша іс қозғалған.

Ведомство бұл іс бойынша полицейлер істі жаппақ болғанын хабарлады. Ол бойынша қалалық ЖҚО полкінің басшылығы күдікке ілінген. ІІМ қазір тексеру жұмыстарын жүргізуде, күдікке ілінген полицейлер уақытша қызметтік міндеттен алыстатылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер