BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Нобель бейбітшілік сыйлығы берілді

Бейбітшілік саласы бойынша биылғы Нобель сыйлығы конголық Денис Муквеге мен ирактық құқық қорғаушы Надя Мурадқа берілді. Олар бұл сыйлықты қарулық қақтығыс кезіндегі сексуалдық зорлық-зомбылықты тоқтатқаны үшін алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі

Нобель сыйлығының Норвегиялық комитеті лауреаттарды 5 қазанда жариялады.

Надя Мурад 2014 жылы Иракта мыңдаған эзидпен ДАИШ террорлық тобының тұтқынына түсіп, құлдықта болған. Үш айдан кейін тұтқыннан құтылып, мыңдаған босқынмен Германияға қашып кеткен. Қазір Германияда тұрып жатыр. Надя Мурад 2016 жылы БҰҰ-ның құлдыққа сатылғандардың құқығын қорғау бойынша елшісі болып тағайындалған.

Айта кетейік, биылғы сыйлық иегерлері 1 миллион доллар көлемінде сыйақы алады. Бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығына биыл барлығы 331 үміткер қатысқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер