BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Муаммар Каддафидің бұғатталған шотынан 10 млрд еуро жоғалды

Бельгия билігі бұғатталған ливиялық активтерден 10 млрд еуро жоғалып кеткенін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Интерфакс» сайтына сілтеме жасап.

10 млрд еуро Euroclear Bank-те сақталып, 2013-2017 жылдар аралығында жоғалып кеткен.

Le Vif басылымының хабарлауынша, жоғалған қаржы 4 есеп шотта сақталған. Ол Libyan Investment Authority және Libyan Foreign Investment Company үшін ашылған.

2013 жылдың 23 қарашасындағы мәліметке сәйкес, есеп шотта 16 миллиардтан астам еуро сақталыпты. Алайда 2017 жылдың күзінде Бельгия билігі тиісті тексерістерді жүргізіп, 16 млрд еуроны бұғаттамақшы болған кезде есеп шотта 5 млрд еуро ғана қалғанын анықтаған.

Аталған қаражатты биліктен тайдырылған Муаммар Каддафидің қарамағандағы адамдар бақылап келген. Бірақ есеп шот 2011 жылы БҰҰ-ның шешімімен бұғатталған. Осы орайда Бельгия билігі аталған активтерді бұғаттауға қатысты шешім қабылдамағанын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Муаммар Каддафи 2011 жылы Ливияның Сирт қаласында көтерілісшілер қолынан қаза тапты. Оның өлімінен кейін Ливия бірнеше аумаққа бөлініп, оны әртүрлі қарулы топтар басқаратын болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер