Молдавияда Қазақстан жаңалықтарына тыйым салынды - Әлем|17 Қаңтар 2018, 09:49
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Молдавияда Қазақстан жаңалықтарына тыйым салынды

Молдавияда ресейлік жаңалықтар, аналитикалық бағдарламалармен қатар Белорусь, Қазақстан, Бельгия, Дания, Нидерланды т.б. елдердің телеөнімдеріне шектеу қойылды. Өйткені, бұл елдер Ресей секілді Трансшегаралық телеарнаның еуропалық конвенциясын ратификацияламады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі REGNUM басылымына сілтеме жасап.

Мұнымен қоса, Молдавияның билік өкілдері дәл осындай талаппен телебағдарламалардың қайта көрсетілуін де шектеді. Өйткені олар өз елінде ресейлік жаңалықтарды мүлтем тоқтатып тастағысы келеді.

Тыйым салу туралы шешім ақпан айында күшіне енді.

Молдавияның телеарна және радио үйлестіруші кеңесі радио және телеарналарға жаңадан қойылған талаптың орындалуы туралы есеп беруді тапсырды.

Осы шешімді орындау аясында телеарна және радио үйлестіруші кеңесі бағдарламаларына тыйым салынған елдердің толық тізімін шығарады.

Трансшегаралық телеарна туралы еуропалық конвенцияға осы уақытқа дейін 34 ел қол қойды.

Еске сала кетейік, 10 қаңтар күні Молдавия парламентінің спикері Андриан Канду елде ресейлік жаңалық, ақпараттық-экономикалық телебағдарламаларға тыйым салынатын заңды растады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер