BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Милош Земан Чехиядағы президент сайлауында жеңіске жетті

Чехияның 73 жастағы қазіргі президенті Милош Земан екінші рет сайланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Земан екінші турда өзінің қарсыласы — Ғылым академиясының бұрынғы төрағасы Йиржи Драгошты 51,45% (2,84 миллион адам) басымдықпен жеңді. Ал Йиржи 48,54% (2,68 миллион адам) дауыс жинады.

«Бес жыл бұрын болған президент сайлауында маған 2,7 отандасым дауыс берген еді, ал қазір мені қолдаушылардың саны 2,8 миллионға жетіп отыр. Сол себепті алдағы бес жылда жақсы нәтижелер көрсету үшін барымды салып, Чехия республикасының азаматтарының көңілін қалдырмаймын деп уәде беремін», — дейді Земан.

Мұнымен қатар, ол Драгошқа дауыс берген азаматтарға да алғыс білдірді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер