BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мексикада ірі ұшақ апатынан жолаушылар аман қалды

Aeromexico әуекомпаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшыраған. Алайда ұшақтағы жолаушылар дін аман, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Ұшақ Виктория-де-Дуранго қаласындағы әуежайдан ұшып шыққанда құлаған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жолаушылар ұшақтан өз күштерімен шыққан.

Мексиканың денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, апаттан 85 адам зардап шеккен. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Embraer E90 ұшағының бортында 97 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі отырған. Ол «Хенераль Гвадалупе Виктория» әуежайынан елдің астанасы Мехико қаласына бағыт алған. Алайда ұшақ ұшу-қону жолағынан көтерілген кезде жерге құлаған.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жерге құлаған ұшақтың жанып жатқанын көруге болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер