Медведев ХВҚ басшысының кандидатурасы жөнінде консенсустың жетістігі туралы мәлімдеді - Әлем|28 Мамыр 2011, 15:42
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Медведев ХВҚ басшысының кандидатурасы жөнінде консенсустың жетістігі туралы мәлімдеді

 BNews.kz.  – РФ Президенті  ХВҚ басшысының  кандидатурасы жөнінде  консенсустың жетістігі туралы мәлімдеді. Бұл туралы Twitter  жеке бетінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

 «Д.Медведевтің мәлімдеуі бойынша,  ХВҚ  басшысы жөнінде консенсусқа негізінен қол жеткізілген», - деді К.Масимов.

Мұндай мәлімдемені Ресей Федерациясы басшысы   G8 саммиті қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында  жасаған.

«Қазір кандитатуралардың қысқа тізімі дайын, менің ойымша, тиісті ұстанымға толық үміт арта алатындар олар -  француз кандидатурасы мен неміс кандидатурасы. Тұтастай алғанда,  осыған байланысты консенсусқа толықтай қол жеткізілді. Дәстүрлі түрде бұл орын Еуроодақ өкілдеріне бекітілген, шындығында ол сол кездің ХВҚ мен Дүниежүзілік банк жүйесіне жауап беретін еді», - деді  Д.Медведев.

Оның айтуынша, «қазір басқа да мемлекеттердің үміткер болуға құқықтар бар. Сондықтан олар ХВҚ басшылығы лауазымына өзінің үміт артқан адамын пәрменді түрде (ұсына алар еді)  ұсына алады». 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер