Мәскеуде Касперскийдің ұлын ұрлап әкетті - Әлем|21 Сәуір 2011, 17:41
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәскеуде Касперскийдің ұлын ұрлап әкетті

МӘСКЕУ.  21 Сәүір. BNews.kz  - Атақты антивирустың негізін салған Евгений Касперскийдің ұлын Мәскеуде ұрлап әкетті. Қаскүнемдер жас жігіттің өміріне €3 млн көлемінде құн талап етуде.

Ұрылар 19-шы сәуір таңертең Мәскеудің солтүстік батысындағы промзона аймағында Иван Касперскийді жұмысқа бара жатқан жерінен қолға түсіреді. Сол күні-ақ қылмыскерлер жас жігіттің әкесімен хабарласып, құн талап еткен. Евгений Касперский дереу Лондоннан Мәскеуге ұшып келді. Әзірге жас жігіттің қайда екені белгісіз. Милиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын бастады.

Иван ММУ-де есептеу математикасы және кибернетика факультетінің 4-ші курсында оқиды, өзінің дипломдық жұмысымен айналысып жүрген және астаналық компаниялардың бірінде жұмыс істеген, деп хабарлайды Life News.

http://www.bnews.kz/kz/main_news/v-moskve-poxishhen-syn-kasperskogo/

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер