BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәскеу метросында ұсталған қылмыскер полицейді өлтірді

Мәскеудегі «Курск» метро станциясында полиция қызметкерін өлтіріп кетті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Қылмыс түн ортасында болған.

«Белгісіз ер адам тапаншамен полицияны жарақаттады. Соның салдарынан ол қаза тапты», - делінген полиция таратқан хабарламада.

РЕН-ТВ телеарнасының ақпаратына қарағанда, оқ атқан ер адамды алдымен полицей ұстаған. Кейін ол тәртіп сақшысын атып қашып кеткен.

Мәскеуде қылмыскерге іздеу салынды. Күдікті ер адамның бет-әлпеті «кавказ немесе азиаттық» түрге жатады. Шамамен 40-45 жаста, денесі мықым, бойы 160-165 сантиметр, үстінде сұр куртка, көк джинсы және сұр кепка болған.

Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

«Полиция қызметкеріне қастандық жасады фактісі бойынша іс қозғалды», - деді Ресей тергеу комитеті аға көмекшісі Юлия Иванова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер