Ливия: халықты күшпен ұстау қиын - Әлем|25 Ақпан 2011, 10:20
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ливия: халықты күшпен ұстау қиын

Дүбірге толы дүние Африкада, жалпы араб елдерінде аласапыран бастал­ға­ны­на біраз болды. Сарапшыларды таңдандырған бір жайт: со­л аласапыранның біразға дейін Ливияны аттап өтіп жат­қаны еді. Қисын бойынша, қарсылық әрекеттері ал­дымен осы елде болса керек еді. Ақыры бұл елге де жетті.
Күткендегідей өз­гешелеу болып жет­ті. Бұл елде Муам­мар Кадда­фи­дің қаталдау да жо­сықсыздау тәртібі күшпен тұрған. Сі­рә, аласапыранның бұл елге кештетіңкіреп жетуінің де сыры сонда. Билік халықтың қарсылығын көтере алмайды, жа­залайтыны да белгілі. Содан да қысымды басқалардан көбі­рек көрсе де, ашық қарсылық әре­кет­ке шығуға ливиялық­тар­дың бата алмай, кібіртіктегені де шындық. Бұл елдегі билік ойын жа­сыр­ған жоқ. Алғаш аласапыран Тунисте басталып, сонаң соң Египетте жалғасқанда, Каддафи сол екі елдің басшыларын қол­дай­тынын білдіріп, жолдаулар жіберіп жатты. Сонысымен де халық қарсылыққа шықса, ая­май­тынын аңғартқан. Әскерін сақадай сай дайындыққа келтірген. Әсіресе, шетелдік жалда­ма­лы­ларға арқа сүйеді. Халық біразға дейін содан сес­кенді. Каддафидің қатыгез­ді­гінен қаймықты. Сөйтсе де, Тунис пен Египет басшылары билік­тен кетуге мәжбүр болған соң, ливия­лықтар да көтерілді. Билік­тің ха­лық­ты аямайтын қара ниетін көр­генде, күреске білек сы­банып кірісті. Сонда да қарсы­лық әрекет­терінің басқа жерлердегідей ел астанасында емес, ел­дің екінші қаласы – шығыстағы Бенгази қа­ласында болғанының да мәні бар. Билік, ел көсемі саналатын Кад­дафи алғашқы сәттен-ақ жаза басты. Ол халықты күшпен қор­қы­туға сенді. Сол Бенгазидегі бас көтергендерге қарсы әс­кер­ді, он­ың ішінде шетелдік жал­да­ма­лы­ларды пайдаланды. Кө­шеге шық­қан халыққа қарсы тікұшақ­тар­дан, биік үйлердің ша­тырла­рынан мергендер оқ жаудырды. Ерекше жасақ­тал­ған әскери бөлім­ше­лер мен арнаулы күштерді Кад­да­фи­дің ұлдары Саади мен Хамис басқар­ды. Әсіресе, олар оппо­зиция жетекшілерін аяған жоқ. Осындай жазалау шара­лары­ның салдарынан ал­ғашқы күндері-ақ жүз­деген адам қаза тауып, жара­лан­ған­дар мыңдап саналды. Мұндай жосықсыз әрекеттер халықты қорқытудан бұрын ыза­ландырды деген жөн. Енді аш­ынған халық ел астанасы Триполиде Каддафиге қарсы ашық кү­реске шықты. Олар әуежайды ба­сып алып қана қоймай, басқа жер­де де биліктің іс-қимылын шек­­теп отыр. Ел арасында да Каддафи туралы әңгіме көп. Бірде оны Венесуэлаға қашып кетті десе, бірде астана сыртындағы арнау­лы бекіністе паналап жа­тыр дегенді айтады. Билік өкіл­дері оны жоққа шығарғанымен, Каддафи­дің халыққа сөз айта­тын­дай ша­масы қалмағаны ан­ық. Оның ор­нына баласы Сейф әл-Исламның халыққа үндеу жа­сағаны да көп жайды аңғартқандай. Бұл да кеш айтылған сөз. Жедел реформа жасаймыз, дейді. Халықты соған көнуге ша­қы­рады. Екінші жол – соғыс, деп қорқытады. Ал ашынған халық қорқудан қалған. Сейф әл-Ис­лам: «Ливия Тунис те, Египет те емес», «Каддафи Мүбәрак та, Бен Али де емес, олар – нағыз тирандар, ал Каддафи – халық көсемі», деді. Халық мұндайға сенуден қалған. Ливиядағы жағ­дай күн сайын емес-ау, сағат сай­ын өзгеріп жатқанын интернет хабарынан айқын көресің. Тіп­ті, осы мақаланы оқып жат­қа­­ны­ңызда бұл елдегі жағдай мүл­дем басқаша болуы әбден мүм­кін. Сірә, енді бұрынғы Ливия жоқ, сондай-ақ оның Муаммар Каддафи сынды жосық­сыз­дау ойдың жетегінде жүретін, ойы­на келгенді істейтін қайрат­кері де бола қоймас. Оның әре­кеттерін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі де, басқа да халықаралық ұйым­дар, жетекші елдер айыптап жатыр. Мамадияр ЖАҚЫП. http://www.egemen.kz/28394.html

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер