BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кубада жүзден астам адам отырған Boeing-737 ұшағы апатқа ұшырады

Жұма күні Кубада жүздеген жолаушы мінген Cubana de Aviacion әуе компаниясының Boeing-737 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Гаванадан Ольгинге қарай бет алған ұшақ Гавана әуежайынан ұшқаннан кейін бірнеше минуттан соң жерге құлаған. Лайнер ауыл шаруашылық дақылдары егілген аумаққа құлағаны белгілі болды.

Ұшақты жалға алған Global Air компаниясы ұшақ бортында барлығы 110 адам, соның ішінде, 104 жолаушы және алты экипаж мүшесі болғанын хабарлады. Granma басылымы өзінің Twitter парақшасында апаттан үш әйел адам мен бір ер адам тірі қалғанын жазды. Олар өте ауыр халде ауруханаға жатқызылған. Кейіннен ер адам ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Сонымен қатар, басылымның хабарлауынша, жолаушылар арасында 5 шетелдік азамат болған.

Қайғылы оқиға орнына Куба мемлекеттік кеңесі және министрлер кеңесінің басшысы Мигель Диас-Канель келіп жетті. Әлеуметтік желілерде куәгерлер болған оқыс оқиға фотолары және видеоларын жариялап жатыр. Кадрларда қою қара түтін байқалады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер