BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қоңыз терген миллиардер

«Forbes» журналы әлемге танымал миллиардерлердің таңғаларлық хоббилері барын алға тартады. Олардың кейбіреулерін қымбат көлік те, қайық та, жылқымен серуендеу де қызықтырмайды екен.
Мәселен, Американың атақты миллиардерлер кланы Рокфеллерлердің бір өкілі Дэвид Рокфеллер қоңыз теруді жақсы көрген. Қайда жүрсе де, қайда сапарлап шықса да жанында қоңыз салатын кішкене контейнері жүреді. Оның бұл ермегіне шындап кіріскені сондай, бұрын белгісіз бір жәндікті ашқан. Сол үшін қанаты қатты қоңызға Рокфеллер аты беріліпті. Миллиардер қоңыз коллекциясын Гарвард университетінің зоологиялық мұражайына беру туралы өсиет жазған көрінеді. Ал Bank of America банкі акционерлік пакетінің көп бөлігіне ие Клемм Дайксон Спенглер ескі сағаттарды жөндемесе отыра алмайды. Бұдан 45 жыл бұрын ермегіне айналған істі ол еш тастамайды. Үйінде жөндейтін бұзылған сағат қалмағандықтан, өзін қанағаттандыру үшін миллиардер арнайы сағат жөндейтін шеберхана ашқан. Миллиардер Гордон Гетти мұнай бизнесін тастап, операмен айналысуды жөн көрген. Сөйтіп, өзінше шығармалар жаза бастайды. Оның белгілі шығармасы Шекспир персонажының атымен «Фальстаф» деп аталады. Миллиардер Ресей ұлттық оркестірінің көмегімен Мәскеуде өз операсын қойыпты. Түрік cайтынан әзірлеген Абай Асанкелдіұлы http://nurastana.kz/?p=10587

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер